Pegasus ұшатын карт тікұшаққа оңай айналады (видео)
Pegasus ұшатын карт тікұшаққа оңай айналады (видео)
10 күн бұрын 299 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық Pegasus компаниясы алыстағы Лас-Вегас мегаполисіне көшуіне байланысты мекенін өзгертеді - онда ол өзінің ұшатын көлігінің ұзақ уақытқа созылған өндірісін (2009 жылдан бері) жалғастырады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның Pegasus E прототипі алғаш рет 2021 жылы жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл арада автоматты түрде жиналатын ротордың қалақтары бар бір орынды тікұшақ турасында сөз болып отыр - кейін ол ашық, арба тәрізді шассиі бар автокөлікке айналады. Құрылғының құпиясы көп. Атап айтқанда, гибридті жетек жүйесінің электрлік құрамдас бөлігі қалай жұмыс істейтіні толығымен анық емес. Сірә, негізгі қозғаушы күш - 160 ат күші бар екі тактілі Pegasus 800 қозғалтқышы. Автокөліктің таза (жанармайсыз және жүксіз) салмағы 265 келі тартады, ол әдеттегі құрылғыларға қарағанда шамамен 100 келі ауыр. Ұшу кезінде Pegasus сағатына 160 шақырым жылдамдықпен қозғалады, 1800 м биіктікке дейін көтеріледі, мұндай биіктікте 420 шақырымға дейін еңсеріп, үш сағат бойы ұшуы мүмкін. Жолда сағатына 120 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Корпус және жоғары қарай ашылатын есіктер көміртекті талшықтан жасалған. Pegasus қазірдің өзінде ұшуға рұқсат алды - Австралияның азаматтық авиация қауіпсіздігі органының (CASA) сертификатына ие болды.

 

0 пікір
Мұрағат