Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атады
Ғалымдар жүрекке пайдалы тағамды атады
8 жыл бұрын 15647 ҚазАқпарат, 24.kz Г.Абилова blogspot.com

Оңтүстік Дания Университетінің ғылыми қызметкерлері тағамға үнемі бірнеше грамм балдырды қосу жүрек ауруларының алдын алуы мүмкіндігін айтты.

Ет өнімдерін балдырлармен пайдалану тағамдағы жасушалар мен антиоксиданттар санын ұлғайтуы мүмкін.

Тағамға балдыр қосу қандағы холестерин деңгейін бақылауға көмектесіп, атеросклероздың тууына жол бермейді, дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, өнім калориясы төмен, ал ондағы аминқышқылдардың, түрлі дәрумендер мен минералдардың көлемі мол.

Балдырлары бірнеше ай бойы сақтауға болады. Сондай-ақ ғалымдар балдырлардың барлығы бірдей адам үшін пайдалы болмайтынын ескертті, деп жазады шетелдік БАҚ. 

 

Сарымсақ сығындысынан жүрек талмасының қаупі азаяды

Америкалық ғалымдар сарымсақ сығындысын зерттеді. Ғылыми жұмыстың нәтижесіне сәйкес, сарымсақ сығындысын күнделікті тамаққа пайдаланған жағдайда, ол майлы тамақты жеу салдарынан қан тамырының қабырғасында пайда болатын түйінділердің санын азайтуға көмектеседі. Science World Report хабарлауынша, зерттеу тәжірибесіне жас шамасы 40 пен 75 аралығындағы елу бес адам қатысқан. Олардың барлығы ағзадағы зат алмасудың бұзылуы салдарынан семіздік белгілері бар метаболикалық синдроммен ауыратын болған. Бұл науқастардан енді басталып келе жатқан жүрек ауруы да байқалды. Сынақ кезінде олардың кейбірі 2400 миллиграмм сарымсақ сығындысын ішсе, қалғандарына бұл сығынды берілмеген. Бастапқыда қатысушылардың барлығының қан тамырларындағы түйінділер мен кальций мөлшері есепке алынды.  Бір жылдан кейін осы науқастарды қайта тексерген кезде, сарымсақ сығындысын қолданған адамдардың тамырындағы түйінділердің 80%-ға дейін баяу өскендігі анықталды. Сәйкесінше, олардың жүрек талмасымен ауру қаупі де азайған. Мамандардың айтуынша, сарымсақтың құрамындағы көмірсутектер ағза үшін өте пайдалы элемент болып табылады.

0 пікір
Мұрағат