Сиқырлықпен айналысты деп баланы тастап кеткен (фото)
Сиқырлықпен айналысты деп баланы тастап кеткен (фото)
8 жыл бұрын 3583

Нигериялық балаларды қорғаумен айналысатын Аня Рингрен "Facebook» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында сегіз ай бойы қалдық тағамдармен күнелтіп келген, аштықтан титықтаған баланың фото-суретін жариялапты. «African Children"s Aid Education and Development Foundation» ұйымының негізін қалаған Аня Ринггрен Ловен әлі оң-солын танып үлгермеген баланы осылайшы бір ажалдан аман алып қалды. Бұл жайында «Pulptastic.com» ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, біз сөз етіп отырған баланы сиқырлықпен шұғылданды деген күдікпен тағдыр талқысына тастап кеткен. Бала сегіз ай бойы жүргіншілерден қайыр тілеп, өз бетінше күнелткен екен. Оның есімі Hope (Хоуп. – ред.), ағылшыншадан аударғанда «үміт» деген мағына береді. Бала ауруханада жатыр. «Қазір оның жағдайы жақсарды. Өзі тамақтанып, дәрілерді қабылдап жатыр. Өзі отыра алатын, тіпті, күле алатын жағдайға жетті»,- деді оған көмектескендер. Сөз реті келгенде айта кетейік, Африка құрлығында әлі күнге дейін қайдағы жоққа көзсіз сену секілді ескінің сарқыншағы сақталып қалған. Надандықтан ең алдымен балалар жапа шегіп келеді. Мәселен, Нигерияның 36 штатының тек екеуінде ғана соңғы он жылдың ішінде 15000 бала сиқырлықпен айналысты деген айыпталған еді. Оның шамамен 1000-ы әлгіндей айыппен өлтірілген болатын. Бала туу көрсеткіші жоғары болғанымен жоқшылық тұралатқан елде «артық ауыз» - масыл балалардан құтылғандарына қуанса қайғыра бермейді.

 Фото мальчика, обвинённого в колдовстве, выложила в сеть защитница детей из Дании - новости на Informburo.kz

Фото мальчика, обвинённого в колдовстве, выложила в сеть защитница детей из Дании - новости на Informburo.kz

Фото мальчика, обвинённого в колдовстве, выложила в сеть защитница детей из Дании - новости на Informburo.kz

 

 

0 пікір
Мұрағат