|
Дәріні сіңіру адам денесінің қандай позасына байланысты екені айтылды
|
Дәрінің асқазанда еру жылдамдығы адам денесінің позасына байланысты – дәрінің сіңімділігі 83%-ға төмендететін немесе арттыратын позалар болады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы ізденіп көрген, дәлірегі, компьютерлік модел сараптамасының нәтижесіне арқа сүйеген америкалық ғалымдардың тұжырымы осындай. Дененің оңға қарай еңкеюі дәріні сіңіруді тездететін болып шықты. Бұдан бөлек, адам артқа 45°-қа шалқайса да дәрі шапшаң ериді. Керісінше солға еңкею дәріні сіңіру тиімділігін төмендететін болып шықты. Бұл мәліметтерді дәріні қабылдаған кезде ескеру керек, өйткені, дәрі организмге неғұрлым тез сіңсе соғұрлым емдік тиімділігі жоғары болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді