Бизнес-жоспарды қалай жазу керек?
Бизнес-жоспарды қалай жазу керек?
7 жыл бұрын 4154 7kun.kz Толғанай АЙТКЕНОВА

Бизнесті дұрыс басталып, кәсібіңіздің келешекте табысты болуы сауатты жазылған бизнес-жоспарға тікелей байланысты. Дұрыс құрылған бизнес-жоспар кәсіпкердің жұмысын реттеп, қаржылық қиындықтарға  төтеп беруге көмектеседі. 

Жеке кәсібін сәтті жүргізіп отырған бизнесмендердің айтуынша, қағазға түсірілген жобаны іске асыру оңайырақ, әрі бұл инвесторлардың назарын аударуға жол ашады. Бүгін біз сіздерге бизнес-жоспардың қалай жазылатынына қатысты кеңес береміз.

  • Таныстыру

Алғашқы бетте бизнес және бизнесті іске асыратын тұлға жайында ақпарат берілуі тиіс.

  • Жоба түйіндемесі

Бұл — ең негізгі бөлім. Cебебі жобаның басты мақсаты, миссиясы, әкелетін пайдасы туралы нақтыланып жазылуы тиіс. Ақпарат нақты әрі түсінікті болуы керек. Мамандандырылған инвесторлар оқып бірінші беттен түсінбесе, бұл олардың қызығушылығын тудырмайтыны анық.

  • Жобаның нарықтағы бейнесі

Жоба өнімінің нарықтағы сұранысы қаншалықты екені жазылады. Басқа бизнестермен бәсекелестілігінің ұтымды жақтарын баса көрсету керек. Өнімнің Қазақстан бойынша сатылуы мен таралуына талдау жасау да идеяңызды ұтымды етіп көрсетеді.

  • Өндірістік жоспар

Бизнесжоспардың бұл бөлімінде өндірістік үдерістің ең мағыналы тұстары суреттеледіАтапайтқандатауар өндірісі үшін және шығарылған өнімді сатуға дайындау үшін не қажетт.с.смәселелерЖалпыөндірістік процестермен тікелей байланыста жүзеге асырылатын жұмыстар — кәсіпорын үшін маңыздымәселелердің біріақшалай алынған несие (ссуда), негізінен осыөндіріске жұмсалатыны анықӨнім өндіруші өз тауарын қалай шығаратыны жөнінде сипаттамаберуі керекяғниол өзінің болашақ жоспарын қалай жүзеге асыратынынқалай жұмысжүргізетінін анық көрсетуі тиіс.

  • Ұйымдастыру жоспары

Бұл бөлімде жоба қандай компаниялармен серіктес болады және қарым-қатынастарын жақсарту үшін жүргізілетін жұмыстардың жоспары. Жобаның іске асыру уақыты көрсетілуі тиіс. Қызметкерлердің нақты әрі толық мінездемесі көрсетілу ұйымдастыру жоспарын толықтырады.

Бұл бөлімде келесі сұрақтарға жауап берілуі тиіс:

  • Бизнес табысты болу үшін қандай мамандар қажет?
  • Тұрақты жұмыс ретінде мамандарға қандай жағдайлар жасалынған?
  • Қызметкерлердің төлем ақысы қалай төленеді және оларды ынталандыру жүргізіледі қандай принциптер бойынша жүргізіледі?
  • Бюджет айналымы

Бұл кешенді жоспар жобаның ақша айналымын көрсетеді. Жобаға қанша қаражат керек, қанша таза пайда болып түсетінін  жоспарлануы тиіс. Ал қаражат есебі бизнестің қаншалықты табысты болатынын көрсетеді. Ал бұл — инвесторлар басты назар аударатын бөлімдердің бірі.

  • Нәтиже

Өзіңіз бизнес-жоспарда бекіткен уақыт аралығыда кәсіптен қанша ақша шығып, табыс көлемі қанша болуы мүмкін екенін жазыңыз. Өзіңізді қайрап, ынталанып отыру үшін табыс көлемін біршама жоғары етіп қойыңыз. Негізінен, әрбір жаңа жобаның жолында жүзеге асырылуына қауіп төндіретін түрлі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай кедергілерді болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.

0 пікір
Мұрағат