Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы
Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы
4 жыл бұрын 4856 А. Рысдәулет. ar.linkedin.com

Бүгінде дүкен сөресіндегі азық-түлік құрамынан биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) табуға болады. Өндірушілер мен диетологтар оның адам ағзасына пайдалы әрі маңызды екенін айтады. Дегенмен ешбір қоспасыз, табиғи өнімді тұтынғанды жөн көретіндер баршылық. Massaget.kz биотехнолог Рүстем Кеңесбековтің көмегімен тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) зияны мен пайдасын талдады. 

Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады.

Өнімнің технологиялық түрленуіне байланысты төртке бөлінеді:

1. Құрамында табиғи концентраттар бар заттар: табиғи минерал су, теңіз суынан бөлініп алынған тұз, бал, балдыр;

2. Құрғатылған, кептірілген табиғи өсімдіктер: тағамға дәмберуші ұнтақтар;

3. Экстракт, тұнбалар, шәрбаттар, брикет;

4. Фармакологияда (дәрі-дәрмектің тәнге, денеге тигізетін әсерлері туралы ғылым) қолданылатын синтетикалық және табиғи витаминдер, фосфолипидтер, күрделі нәруыздар.

Биологиялық белсенді қоспалар заңда

"Дәрiлiк заттар туралы" заңының 1-бабының 6-тармағында ББҚ-ға былай түсініктеме берілген: "Биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) – фармакологиялық белсендiлiкке ие болатын және аурулардың алдын алу және емдеу үшiн қолданылатын (витаминдер, витамин тәрiздiлер, макро-және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және т.б.) табиғи немесе олармен бiрдей биологиялық белсендi заттардың контцентраттары".  

Жоғарыда айтылғандай ББҚ-ны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Зерттеуге сәйкес, биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді. 

Биологиялық белсенді қоспа адам ағзасына зиян ба?

Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ, зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға арналмаған.

ЕСКЕРТУ: Дәрі-дәрмектің сыртын немесе ішіндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Құрамында биологиялық белсенді қоспасы бар дәріні тек аурудың алдын алу үшін қолданады. Ал ауруды толық емдеуге мұндай дәрінің күші жетпейді. 

ББҚ алу үшін қолданылатын өсімдіктің қайда және қандай жағдайда өскені өте маңызды. Өйткені, өсімдікті жинау барысында құрамындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін. Дегенмен бүгінде биологиялық белсенді қоспаны өндіру талабы жоғарылаған. 

Стандарттау мен сертификациялау

Биологиялық белсенді қоспаны өндіру барысында халықаралық ережеге сәйкес құрылғының, шикізаттың тазалығы, дайын өнімнің құндылығы, сапасы, қапталуы мен сақталуына баса назар аударылады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/naty-ylymdar/63303/

0 пікір
Мұрағат