Өсімдікті тозаңдандыратын робот жасалды (видео)
Өсімдікті тозаңдандыратын робот жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1590 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия мен Израил ғалымдары өсімдікті тозаңдандыруда араларды араластыратын құрылғыны жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы costagroup.com.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғының өз кезегінде климат өзгерісіне және пестицидтердің оңды-солды пайдаланылуына байланысты тозаңдандырушы жәндіктер азайып келе жатқан бүгінгі жағдайда маңызы зор. Австралиялық жаңа өнімдерді өндіретін Costa Group компаниясы роботтық тозаңдандыру үшін жасанды зердені қолдана бастады. Бұл әдіс израилдік Arugga AI Farming фирмасымен серіктестік арқасында қызанақ жылыжайына енгізілді. «Полли» деп аталатын жасанды зердемен жабдықталған роботтар Коста жылыжайларындағы қызанақ бүршіктерін тозаңдандырады. Компания мәлімдемесінде тозаңдандырғыш роботтар қатар өсірілген өсімдіктер арасымен жүріп, жасанды зерде арқылы тозаңдануға пісіп-жетілген гүлдерді анықтап, содан кейін тозаңдандыруды моделдеу үшін ауа импулстарын қолданатынын атап өтті. Көкжидек, картоп және қызанақ сияқты 20 мыңнан астам өсімдіктер тозаңдану арқылы қоректенуге мұқтаж. Бірлескен жұмыс қай аралардың ең тиімді екенін және ара түрлері мен гүл түрлерінің эволюциясын түсіну арқылы ауыл шаруашылығын жақсартуға қалай көмектесетінін білуге ​​бағытталған.

0 пікір
Мұрағат