Өрттің адаматқа қаншалықты қауіп төндіретініне баға берілді
Өрттің адаматқа қаншалықты қауіп төндіретініне баға берілді
1 жыл бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Nova Wahyudi / Antara Foto / Reuters

Австралиядағы Монаш университетінің ғалымдары 2 миллиардтан астам адамның жыл сайын кем дегенде бір күн қоршаған ортаның денсаулығына ықтимал қауіпті әсеріне ұшырайтынын анықтады, бұл көрсеткіш соңғы он жылда 6,8 пайызға өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандар мен экологтар 2000-2019 жылдар аралығындағы күн сайынғы әлемдегі барлық өрттен ауаның қаншалықты ластанғанын бағалады. Ғалымдар анықтағандай, жоқ дегенде бір күнде 2,18 млрд адамның өрттен болған ауаның ластану әсеріне ұшыраған. Ал әлемдегі әр адамның ормташа есеппен жылына 9,9 күн өрттен болған ауаның ластану әсеріне ұшыраған. Бұл көрсеткіш соңғы он жылда 2,1 пайызға артып кеткен. Ал өрттен ауаның ластануына табысы төмен ел тұрғындары табысы жоғары елдерге қарағанда шамамен төрт есе жиі ұшыраған. Бұл арада тек орман өрті ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптарының (егістік, жайылым, т.б.) өрті туралы да сөз болып отырғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат