Өңдеуге келмейтін қалдықтар анықталды
Өңдеуге келмейтін қалдықтар анықталды
1 жыл бұрын 990 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазіргі уақытта қайта өңдеуге келмейтін қалдықтар бар. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Аида Леванова есімді эколог сарапшыға жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - оларды пайдаланудан аулақ болу, яғни тұтынушылардың бұл тараптағы түсінігі мен мәдениетін арттыру немесе мұндай бұйымдардың қызмет ету мерзімін барынша ұзарту. Экологтың айтуынша, қайта өңдеуге келмейтін заттарға, мысалы, оттықтар, пластик сабандар, жасанды шыршалар, айналар, чипсыны қаптамасы секілді жұмсақ фольгадан жасалған қаптама, шөгінді орамы, шай пакеттері, құлақ тазалауға арналған мақта таяқшасы, жабысқақ таспа (скотч), құжаттарға арналған файлдар, фотоқағаз, және т.б. жатады. Осылай деген сарапшы шай пакеттерінің орнына кәдімгі шайды пайдалану арқылы бұл проблеманы еңсеруге болады. «Сондай-ақ, қайта өңдеуге келмейтін пайдалы заттар бар, мысалы, силикон. Ол қауіпсіз және берік материал, өкінішке орай, біз оны әлі күнге қайта өңдемейміз. Бұл сөз оларды қолдануға болмайды дегенді білдірмейді, бұл сөз оларды мұқият пайдалану керек дегенді білдіреді», деп нақтылады ойын сарапшы. Бұған қоса, пластиктің аралас түрлерінің ең қауіпті екенін жеткізді. Мұндай пластиктердің ыдырауына бірнеше ғасыр кетеді. Оларды қайта өңдеу мүүмкін емес әзірге. Оларда «Басқа - 07» деген белгі бар немесе мүлде белгіленбеген. Әсіресе, балалар ойыншығының құрамында көп кездеседі. ПВХ-03 деп белгіленген пластиктің қатеріне де тоқтала кету керек. Оны да қайта өңдеу мүмкін емес. Бұл тұрақсыз материал, егер ол ұзақ уақыт суда, күн сәулесінің астында немесе жоғары температурада қалса, адам денсаулығына қауіпті улы заттарды қоршаған ортаға бөледі. Кез келген өнімдер ПВХ-дан жасалған, тіпті, ойыншықтар, мысалы, шарлар немесе қуыршақ.

0 пікір
Мұрағат