Мұсылман саны бойынша 4-ші орында тұрған ел (фото)
Мұсылман саны бойынша 4-ші орында тұрған ел (фото)
3 жыл бұрын 3133 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Азияда шағын мұсылман елі бар кедейлігімен, сосын халқының көптігімен аты шыққан – Бангладеш. Бангладеш халқының 90%-ы мұсылман әрі олардың дені сүннеттік жолды ұстанады. Бангладештегі мұсылмандар қарасы Индонезия, Пәкістан және Үндістандағы мұсылмандардан кейінгі орында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бангладеш суда орналасқан мемлекет десе де болады. Яғни, жерінің көп бөлігі сумен шектескен, су қоршаған ел. Тәуелсіздігінің өзі осы сумен байланысты: 1969 жылы тасқын сел мыңдаған адамның өмірін жалмап кетеді, әлем  қауымдастығы тарапынан гуманитарлық жәрдем бола қоймайды, осының салдарынан азаматтық соғыс оты тұтанады, пәкістандық әскер кіргізіледі елге. Қақтығыстан 1,5 млн адам жер жастанады. Осы қанқұйлы оқиғадан кейін 1971 жылы Бангладеш тәуелсіздігін жариялайды. Бангладеш – әлемдегі халқы көп әрі тығыз орналасқан ел. Оның аумағы Ресей Федерациясы территориясынан 116 есе кем, алайда, халық саны РФ-дағы халық санымен бірдей. Халқының үштен бірі, дәлірегі, шамамен 51 млн адам өлместің күнін көреді, кедейлік қамтынан әлі күнге құтыла алмай келеді. Бангладеште балалар 10 жасына дейін тіркелмейді, өйткені, көбісі осы жасқа жетпей көктей солады. Ел тұрғындарының орташа ғұмыр жасы 35-тен аспайды. Жоқшылыққа қарамастан 15-24 жас аралығындағы бангладештіктердің 92%-ы хат таниды, яғни, жазып-оқи алады. Бангладештегі ең кеңінен тараған кәсіп фермерлік пен тоқыма және киім саудасы. Бұл елде жұмысшы күші арзан әрі өндіріс шығыны аз. Бангладештегі ауа температурасы жыл бойы бір қалыптан айнымайды, тек жыл мезгілдері жауын-шашын мөлшерімен ерекшеленеді.

Фото: boredpanda.com.

 

 

0 пікір
Мұрағат