Мотоцикл адам толы стадион үстінде қалықтады (видео)
Мотоцикл адам толы стадион үстінде қалықтады (видео)
2 жыл бұрын 1768 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

XTurismo деп аталатын ховербайкты жапондардың A.L.I. Technologies компаниясы құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елі бейсболының жоғарғы лигасының бұрынғы ойыншысы Шуеси Синже көрермен толы стадион үстінен онымен алғаш ет ұшып өтті. Мұндай ховербайктің бағасы 500 мың фунт тұрады. A.L.I. Technologies компаниясының бұл туындысы өз кезегінде мотоциклдің, дронның және тігінен ұшып-қонатын ұшақ арасындағы конструкцияны еске түсіреді. Ішінде тағы бір жолаушыны алып жүруге арналған орын бар. Ховербайк сағатына 100 шақырым қашықтықты бағындыра алады. Алайда, мұндай жылдамдықпен ұзақ ұша алмайды, ары кетсе 40 минутқа дейін жоғары жылдамдықпен жылжи алады. XTurismo іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған. Ауада қалықтап тұруы үшін ол бірнеше пропеллерді пайдалануына тура келеді. Құрылғының жалпы салмағы 300 келі тартады.

0 пікір
Мұрағат