Ми нейрондарын белсендіретін немесе тежейтін сымсыз құрылғы (имплант) жасалды
Ми нейрондарын белсендіретін немесе тежейтін сымсыз құрылғы (имплант) жасалды
1 жыл бұрын 991 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Сымсыз имплант және дофамин. Tucker Stuart et al., ACS Nano

Инженерлер батареясыз жұмыс істейтін және мидағы нейротрансмиттерлердің деңгейін бақылай алатын сымсыз имплант жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілер жарық арқылы ми нейрондарын белсендіретін немесе тежейтін сымсыз құрылғы ойлап тапты. Имплант нақты уақытта допамин белсенділігін тіркей алады. Бұл неврологиялық ауытқулардағы нейрохимиялық заттардың рөлін зерттеуге көмектеседі. Ғалымдар жаңа құрылғының қалай жұмыс істейтінін және тиімділігін зертханалық тышқандардың миына имплантациялау кезінде көрсетті. Сымдар мен батареялардың болмауына байланысты құрылғы нақты жағдайда мидың белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді. Өз құрылғысында инженерлер көміртекті талшықты композиттік электродтар негізіндегі миниатюралық допаминдік сенсорды пайдаланды. Титтей, икемді имплантты жасау үшін олар сенсорды сыртқы таратқыш антенналардан қуат алатын сымсыз электронды схеманың ішіне орнатты. Дайын құрылғы салмағы жағынан ең озық баламадан 50 есе жеңіл және көлемі жағынан 10 есе шағын.

0 пікір
Мұрағат