Ластанған ауа соңғы жылдары өмірге келгендердің өмірін кем дегенде 20 айға қысқартады
Ластанған ауа соңғы жылдары өмірге келгендердің өмірін кем дегенде 20 айға қысқартады
1 ай бұрын 387 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ластанған ауамен тыныс алатын жаңа туған нәрестелердің ғұмыры қысқа болады. Нашар экологиялық ахуал олардың өмірін 20 айға, кейбір елдерде үш жылдан астам мерзімге кемітеді. State of Global Air халықаралық ұйымы осындай қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2019 жылы ауаның ластануы дүниежүзі бойынша мезгілсіз ажалдың негізгі бес себебінің біріне айналды - 7 миллионға жуық адам ерте көз жұмған. Бұл көрсеткіш темекі шегуден, безгектен, болатын өлім-жітімнен асып түсті. Осы орайда адамдардың дені негізінен ас әзірлеу барысында және үйді жылыту кезінде зиянды заттармен көп тыныстайтынын айта кетпекпіз. Ауаның ластануы бойынша Үндістан қалалары көш бастап тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген межеден 20 есе көп бөлшектер кездеседі. Ластанудың жоғары деңгейі Рабалпиндиде (Пәкістан), Каир мегаполисінде (Мысыр) және Кампала қаласында (Уганда) да тіркелді. Африканың көптеген қалаларында нақтымдеректердің болмауына байланысты ауаның ластану деңгейін бағалау мүмкін болмады.

0 пікір
Мұрағат