Күншығыс еліндегі ауылдық жердің көрінісі (видео)
Күншығыс еліндегі ауылдық жердің көрінісі (видео)
4 жыл бұрын 4178 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның таулы қыраттардың етегіндегі бірнеше шағын елді мекенді қамтитын Исикава префектурасындағы Ното ауылының маңында күріш өсірілетін алқаптар жазылып жатыр. Бүгінгі әрі дәстүрлі жапон ауылдық жерінің көрінісі. Осы орайда 2011 жылы Ното түбегі, соның ішінде біз сөз етіп отырған Ното ауылы Жапониядағы тұңғыш елді мекен – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік әне ауыл шаруашылық ұйымы тарапынан «Әлемдік мәні мен маңызы жоғары, мұраға қалған ауыл шаруашылық жүйесі» деген атаққа ие болған. Бүгінгі таңда аталған аудан Жапониядағы экологиялық туризмге серпін беретін келешегі кемел елді-мекен ретінде қарастырылады.

Хигаситани ауданындағы таулы ауылдық жер кезінде орман шаруашылығы өркендеген құтты мекен болған екен. Орман шаруашылығымен қатар ағаш көмірінің өндірісі де қарқын алған деседі. Бұл аудан ұлттық мәні мен маңызы зор аудандар санатынан. 1603-1868 жылдар аралығындағы Эдо дәурінде ағаш көмірі алыс-жақын төңірекке тасымалданады екен. Осы ағаш көмірдің арқасында дәулеті шалқыған елді-мекенге айналып, алыс-жақынға танылады. Алайда, соғыстан соң ағаш көміріне деген сұраныс күрт азаяды. Соған қарамастан жергілікті жұрт ескіден келе жатқан ата-баба шаруашылығын жаңыртуға күш салып отыр.

0 пікір
Мұрағат