|
Компьютерлік ойынға тәуелділіктің жеткіншекті қандай жағдайға жеткізгенін көргіңіз келе ме (видео)
|
Әлеуметтік желіде компьютерлік ойынға тәуелді болып қалған баласын анасының қалай тамақтандырғаны көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр. Аталмыш ролик ақпан айының 21-і күні YouTube арнасында жарияланған. Компьютерге тәуелді болып қалуына байланысты 13 жастағы жеткіншек мектепке баруды да қойған. Бұл отбасы Филиппинде өмір сүреді. Компьютерлік ойынға тәуелді болып қалған баланың анасы Лилибет Марвел баланың өздігінен тамақ ішуден қалғанын алға тартып отыр. Жеткіншек Rules of Survival ойыны десе ішкен асын жерге қояды. Сөз орайы келгенде айта кетейік, өткен жылдың маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынға құмарлықты аурулар тізіміне енгізген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды