Климат өзгерісінің тағы бір салдары белгілі болды
Климат өзгерісінің тағы бір салдары белгілі болды
9 ай бұрын 1151 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық және қытай ғалымдары климат өзгерісінің тағы  бір салдарын анықтады - жер шарына таралатын жылу толқыны баяулайды. Бұл құбылыс өз кезегінде аптап ыстықты күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1979 жылдан бері жаһандық жылу толқындары 20 пайызға баяу қозғалып, 67 пайызға жиірек пайда болған. Сонымен бірге, жылу толқыны кезіндегі ең жоғары температура 40 пайызға жоғарылап, «термиялық күмбез» (яғни, аптап ыстық қамтылатын кеңістік) астындағы аумақ ұлғайған. 1979 жылдан 1983 жылға дейін жаһандық ыстық толқыны орта есеппен сегіз күнге созылса, 2016 жылдан 2020 жылға дейін оның ұзақтығы 12 күнге артып кеткен. Жылу толқындары ең көп баяулаған аймақтарға Африка құрлығы, Солтүстік Америка және Австралия жатады. Компьютерлік моделдеу нәтижесі мұндай құбылыстың көмірді, мұнайды және табиғи газды өндірумен және пайдаланумен байланысты екенін көрсетіп берді. Жаһандық жылыну атмосфералық толқынды әлсіретеді, оған жылы ауа массасын жылжытатын реактивті ағындар тәуелді болады. Егер атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшері арта берсе және дереу тиімді шаралар қабылданбаса, ұзағырақ, ұзаққа созылатын және баяу қозғалатын жылу толқындары келешекте адам денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зор зардабы мен зиян тигізеді.

0 пікір
Мұрағат