|
Адам қалалық жерге қарағанда табиғат аясында уақытты басқаша қабылдайтын болып шықты
|
Фин ғалымдары адамдардың қалалық жерде және табиғат аясында түрлі тапсырмаларды орындау кезінде уақытты қалай қабылдайтынына қатысты тәжірибе жүргізіп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы lifehacker ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ғалымдар қарбаласқа толы қалалық жердегі тұрғындарға қарағанда ауылдық жердегілердің асығып-аптықпайтынын, дәлірегі, арқаны кеңге салып, өзін уақыты көп адам секілді ұстайтынын байқады. Ғалымдардың айтуынша, табиғат болашақ пен өткенн шақ туралы адамның ойын да өзгертетінін анықтады. Қалалық тұрғын ұзақ мерзімді мақсаттарға жете мән беретін болып шықты. Ал ауылдық жердегілер ағынға ілесіп, алға ұмтыла бермейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды