Кибер әлем: қай елде хакерлер көп және қауіпті екені белгілі болды
Кибер әлем: қай елде хакерлер көп және қауіпті екені белгілі болды
1 жыл бұрын 796 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемде хакерлердің (деректерді және қаржыны қолды қылумен, түрлі бопсалаумен айналысатын интернет кеңістігінің қарақшылары) көбісі қытай тілін пайдаланады немесе сол тілде сөйлейді. Ал екінші орында орыс тілі тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Каспер зертханасы» (компьютерлік вирустардан, спамдардан, хакерлік шабуылдардан және басқа да киберқауіптерден қорғау жүйелерін жасауға маманданған халықаралық компания. Аталмыш компания әлемнің 200-ден астам елдері мен аумақтарында жұмыс істейді. Ақпарат қауіпсіздігіне жауапты Касперский зертханасының орталық кеңсесі Мәскеуде орналасқан) деген атпен танымал ұйым жетекшісі Евгени Касперсикге жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал АҚШ-тың федералды тергеу бюросының директоры Кристофер Рей Қытай билігіне жұмыс істейтін хакерлер қарасы өзге елдермен салыстырғанда 50 есе көп екені турасында мәлімет келтірді. Оның айтуынша, Қытайдан төнетін киберқауіптің ауқымы басқа ірі елдерді қоса алғандағы қауіп ауқымнан асып түседі. Федералды тергеу бюросының басшысы қытай хакерлерінің күллі әлем бойынша деректерді ең көп қолды қылғанын жеткізді. Әдетте хакерлер үш санатқа жіктеледі: қара қалпақтысы, ақ қалпақтысы және сұр қалпақтысы. Ең қауіптісі – қара қалпақтысы. Олар адамның жеке өміріне қол сұғып, бизнестің іргесін шайқайды. Ақ қалпақтылары қара хакерлерге қарама-қайшы. Дәлірегі, олар қауіпсіздік жүйесінің осал тұстарын іздейді, табады және жөндейді. Ал сұр қалпақтылары ақ қалпақтылар мен қара қалпақтылардың барлық дағды-машықтарын біледі. Қаржыны қолды қылғанымен оны адамдардың игілігіне жұмсайды. 2020 жылғы дерек бойынша қара хакерлер көп бес ел:

Қытай

Жаһандық кибершабуылдардың 41%-ы қытай хакерлерінің қолымен жасалады. Бұл бағытта Қытай бірінші орында тұр. Қытайдың хакерлік шабуылдарының мақсаты негізінен АҚШ пен оның одақтастарының желілерін бұзуға саяды. Хакерлер әскери және жолаушылар ұшақтарына, әскери-теңіз күштерінің желілеріна, телекоммуникация және ғарыш салаларына қатысты және стратегиялық  маңызы бар құжаттар мен жобаларды ұрлайды.

АҚШ

АҚШ әлемдік кибершабуыл трафиігінің 10%-на ие. АҚШ-тағы ең ірі хакерлік тобына Anonymous тобы жатады. Америкалық хакерлердің мақсаты ен міндетін Ақ үй анықтайды.

Түркия

Түркияға жаһандық кибершабуылдардың 4,7 пайызы тиесілі. Соңғы жылдары түрік хакерлері белсенділік танытып келеді. Түркияның ең танымал хакерлер командаларының бірі - 2002 жылы құрылған «Ayldz Team» тобы АҚШ Қорғаныс министрлігінің сайтын бұзу арқылы белгілі болды. Ал 2015 жылдың желтоқсан айында олар Anonymous хакерлер тобының сайтын бұзған екен.

Ресей

Әлемдік кибершабуыл трафигінің 4,3%-ы орыстар еншісінде. Орыс хакерлері көбінесе батыс елдерінің, атап айтқанда, АҚШ-тың, Францияның, Германияның және Ұлыбританияның құпияланған сайттарына тыныштық бермейді.

Тайуан

Халқының саны (23,78 миллион адам) аз болғанына қарамастан әлемдегі мықты хакерлердің көбісі осы елде шоғырланған. Міне, осындай себепке байланысты АҚШ пен Тайуан 2019 жылдан бері киберәскери жаттығуы бірге өткізіп келеді.

0 пікір
Мұрағат