Жердегі ең өлі аймақ табылды (фото)
Жердегі ең өлі аймақ табылды (фото)
3 жыл бұрын 3074 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген Exploring the Boundaries of Microbial Habitability in Soi Journal of Geophysical Research: Biogeosciences зерттеуде айтылғандай, микробтар қоршаған ортасы ең қолайсыз өңірдің өзінен табылады, алайда, жер планетасында өзге тіршілік иелерін былай қойғанда, тіпті, микробтың өзі кездеспейтін өлі өлке табылған. Ной Фирер есімді ғалым мен оның тобы мұны растап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы agupubs.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай аймақ жердің ең бір қиырынан – Антарктидан табылып отыр. Ондағы Шеклтон мұздағындағы ауа құрғақ, суық әрі жері сортаңды болып келеді. Аталған мұздақтағы қоршаған ортаның мұндай ерекшелігіне (осындай ортаның қалыптасуына әсер етіп отырған факторлар комбинациясы) байланысты тіршілік белгісі жоқ. Кей аймақтарда аптап ыстықтан немесе қақаған суықтан тіршілік ету қолайсыз болғанымен бір ғана әсер ету факторынан (ыстық немесе суық я болмаса ылғалы жоғары) мұндай аймақтарда жұтаң болса да тіршілік иелерін кезіктіруге болады. Тіпті, көз сүріндіретін қылтанағы жоқ тек шағыл құм басқан Сахараның кей өңірінде де жәндіктер мен бауырымын жорғалаушылар кездеседі. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Николас Драгон есімді ғалым мұздақтағы топырақтың екі жүзден аса үлгісін алып, одан микроскопиялық тіршілік иелерін іздеген екен. Топырақ құрамынан микробтар табылғанымен олардың шамамен 20%-да микробдық ДНК болмаған. Әдетте микрорганизмдер қандай да бір ортаның ерекшелігін немесе тіршілікке қаншалықты қолайлы екендігін анықтаудың басты маркері ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат