|
Жер температурасы 7 градусқа көтеріледі
|
Стэнфорд университетінің америкалық климатологі Каролин Снайдер соңғы екі миллион жылдағы жер бетіндегі орташа жаһандық температураның өзгерістерін бақылап, ол Цельсий бойынша жеті градусқа дейін көтерілуі ықтимал екенін айтты. Зерттеу "Nature" журналында жарияланды.
Температура өзгеруінің кестесін жасау үшін ғалым уақыт интервалы бір мың жылды құрайтын 59 мұхит түбіндегі шөгінділердегі 20 мыңнан астам климаттық реконструкцияны пайдаланды.
Климаттың өзгеруін ескерген ғалым көмірқышқыл газы концентрациясының сақталуы, геологиялық өлшемдерді назарға ала отырып, бірнеше мыңжылдық ішінде Жер бетіндегі орташа жаһандық температураның Цельсий бойынша 3-7 градусқа дейін өсуі мүмкін деген тоқтамға келді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады