Желідегі ақпаратты жылдам әрі жасырын іздеу технологиясы әзірленді
Желідегі ақпаратты жылдам әрі жасырын іздеу технологиясы әзірленді
1 жыл бұрын 1373 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бағдарламашылар Интернетте ақпаратты қауіпсіз жолмен іздеу алгоритмін жасады. Тіпті, дерекқорды орналастыратын сервер де пайдаланушының не іздегенін білмейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы usenix.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының ғалымдары интернетте ізделген деректерді үшінші тұлғалардан және пайдаланушыларды қажетсіз жарнамадан, сондай-ақ, деректердің қолды болуынан қорғайтын іздеу әдісін ашты. Ұсынылған алгоритм ұқсас жүйелеріне қарағанда 30 есе жылдам жұмыс істейді. Интернетте мәлімет іздеудің қатері сонда - пайдаланушы құпия сақтағысы келетін ақпараттың өзгелерге мәлім болуына әкеледі. Мысалы, біреу желіде медициналық белгілерді немесе аурудың атын іздегенде, денсаулық туралы деректер іздеу жүйесіне, жүздеген жарнама берушілерге және компания серіктестеріне белгілі болады. Деректердің ашылуына жол бермеу үшін MIT мамандары жаңа іздеу әдісін қолдануды ұсынды: ол интернеттен мәлімет сұрауды дерекқор орналасқан сервердің өзі пайдаланушының не іздегенін білмейтіндей етіп қалыптастырады. Теориялық тұрғыдан алғанда, интернет пайдаланушының қандай ақпарды іздегенін жасыру өте қарапайым: деректер қорының барлық элементтері бойынша сұрауларды орындау жеткілікті, деп түсіндіреді әзірлеушілер. Мәселе мынада, дерекқорда миллиондаған, тіпті, миллиардтаған жазбалар болған жағдайда бұл айтарлықтай уақытты алады. Ұсынылып отырған іздеу технологиясы қарапайым PIR протоколына негізделген. Алдын ала өңдеу кезеңінде бұл жағдайда клиент сұранысты жібермес бұрын жүктейтін деректер қорының мазмұны туралы барынша ықшамдалған ақпаратты қамтитын деректер құрылымы түзіледі. Бұл құрылым клиентке дерекқорда не бар екендігі туралы кеңес береді. Осыдан кейін құрылым сегменттерінің бірінің барлық элементтері бойынша ойыңыздағы немесе білгіңіз келген ақпаратты іздеуге болады.

0 пікір
Мұрағат