|
Жасанды зерде бақылаудан шығып барады
|
Жасанды зерде жасаған бейненің жасандылығын ажырату қиын болып барады - түпнұсқасы қайсы, жасандысы қайсы, тіпті, осы технологияның жілігін шағып, майын ішкен білікті мамандардың өздері ажыратудан қалып барады. Бұл жайында islam.kz порталы "The Conversation" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AI соншалықты шынайы бейнелер жасауды меңгергені соншалық, ғалымдар мен ғылыми журналдардың редакциялары бейненің қолдан жасалғанын анықтауда қиындықтарға жиі тап болуда. Зерттеушілердің пікірінше, бұл ғылымдағы көрнекі дәлелдемелерге деген сенімді төмендетуі мүмкін. AI ғылыми материалдарды жасау тәсілін тез өзгертеді. Қазіргі заманғы генеративтік моделдер шынайы фотосуреттерден немесе зертханалық фотосуреттерден ажырату мүмкін емес бейнелерді санаулы секундтарда алуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2026 жылдың сәуір айында жарық көрген беделді медициналық басылымдардың бірі AI көмегімен жасалған клиникалық бейнені анықтағаннан кейін жарияланымды кері қайтарып алды. Бұрын биологиялық мүмкін емес элементтері бар иллюстрацияларды қамтитын басқа да мақалалар кері қайтарылып алынған болатын. Сарапшыларжың айтуынша, АІ бейнелерді жасау, синтетикалық деректерді әзірлеу және материалдарды өңдеу үшін жиі қолданылады. Бұл ретте технологияны рұқсат етілген пайдалану шегі мен ғылыми нәтижелерді бұрмалау арасындағы шекара барған сайын қысқарып барады. Сарапшылардың айтуынша, қолдан жасалған бейнелерді анықтаудың қолданыстағы жүйелері генеративтік үлгілердің даму қарқынына ілесе алмай жатыр, яғни, үлгермейді. Бұл жайт ғылыми материалдардың түпнұсқалығын тексеруді айтарлықтай қиындатады. Зерттеуге сенімді сақтау үшін ғалымдар авторларды суреттерді жасау немесе редакциялау кезінде AI пайдалану туралы ашық хабарлауға міндеттеуді ұсынады. Олардың пікірінше, ашықтық қазіргі заманғы ғылыми коммуникация сенімділігінің негізгі шарттарының біріне айналуда.