Жасанды зерде адамды толық алмастыра ала ма
Жасанды зерде адамды толық алмастыра ала ма
9 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы зерттеу барысы мен нәтижесі көрсеткендей, жасанды зерде адам бақылаған кезде және шешім қабылдауда адамның кеңесіне құлақ асқанда тиімді жұмыс істейді. Бұл жайында islam.kz порталы "earth.com" сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аталмыш технологиялық жүйе толық автоматтандырылмаған кезде ғана үздік нәтиже көрсеткен. Шығыс Лондон университеті ғалымдарының соңғы жылдардағы ондаған ғылыми жұмыстарының негізінде жүргізген талдау нәтижесі тұрақты заңдылықты анықтады: деректерді өңдеудің жоғары жылдамдығына қарамастан АІ адамның ойлау қабілетін толығымен алмастыра алмайды. Сарапшылардың атап өтуінше, қазіргі заманғы алгоритмдер үлкен көлемдегі ақпаратты талдаумен тиімді айналысады, заңдылықтарды тез табады және ықтимал шешімдерді ұсынады. Алайда, нәтижелердің мән-жайын түпкілікті түсіндіруде, олардың нақты шарттарға сәйкестігін анықтауда және шешім қабылдауда бұрынғысынша адамның көмегіне мұқтаж. Яғни, адамның басты міндеті - жасанды зерде ұсынған тұжырымның дұрыс-бұрыстығын тексеруге, қорытынды жасауға саяды. Былайша айтқанда, ақырғы сөзі адамның өзіне қалдырады. Өйткені, жасанды зерденің қателік жіберу ықтималдығы басым. Әсіресе, жауапкершілік арқалауда жасанды зерде адамға жете алмайды. Соның ішінде едицина, білім беру, т.б. секілді аса маңызды салаларда автоматтандырылған жүйе әлеуметтік контексті, адами факторды, т.б. факторларды ескере бермеуі мүмкін. Адам мен жасанды зерде бір-бірін толықтыратын модел алға шығады: АІ білікті маманды алмастыра алмайды, көмекші рөлінен аса алмайды. 

0 пікір
Мұрағат