Жапондардың дыбысты талдау зертханасы балаларды ұйықтататын әуен ойлап тапты
Жапондардың дыбысты талдау зертханасы балаларды ұйықтататын әуен ойлап тапты
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сот процесіне қажетті дәлел алу үшін дыбысты талдайтын жапон институты сәбилерді ұйықтатуға көмектесу үшін әзірленген музыкалық дыбыстарының арқасында толағай табысқа жетті. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. General Incorporated Association Chiba аудиокоммуникация институтының зертханасы уанбай жатқан сәбилерді жұбататын, дәлірегі, баласы мазасыз ата-аналарды қолдау жобасы аясында музыка әзірледі. Ерекше бастама сот кезінде анықталған фактілернегізінде, дәлірегі, баланың тынымсыз жылауынан күйзеліске түсіп, өз баласына зорлық-зомбылық көрсеткен ата-аналардың әрекетіне байланысты қолға алынды. Музыка қораптары мен мұхит толқындарына ұқсас тыныштандыратын дыбыстардың әуендерін үйлестіретін шамамен 14 минуттық трек X әлеуметтік желісінде 3,8 миллионнан астам рет қаралған және айрықша әуен шыққанына екі апта ішінде зертхана сайтына 350 000-ға жуық адам кірген екен. Зертхананың аудиоталдауы кісі өлтіру мен жол-көлік оқиғаларынан бастап мектептегі зорлық-зомбылыққа және ата-ана күйзелісі мен босанғаннан кейінгі күйзеліске байланысты балаларға қатыгездікпен қарауға дейінгі істердің кең спектрін қамтитын сот дәлелдемелері ретінде пайдаланылды. Аудиоталдау ертханаcының меңгерушісі Муцутоси Мураока ата-аналарға қалай қолұшын созуға болатынын жатпай-тұрмай ойлаған екен. Ол ұйқы мен дыбыстарды зерттеуге кірісті: түрлі музыкалық аспаптардың дыбыстарымен тәжірибе жасап, олардың әсерін зерттеу үшін ұйқыдағы өзінің тыныс алу дыбыстарын жазып алды. Ақыр соңында ол смартфондарда ойнатуға болатын музыкалық қораптың жоғары дыбыстарының және мұхит толқындарының дыбысы мен ұйқыдағы ананың тыныс алуына ұқсайтын «қызғылт шудың» үйлесімін тапқандай болды. Муцутоси Мураока биіктіктің қарқыны мен диапазоны сияқты параметрлерді баяндағаннан кейін зертхана қызметкері Шинсуке Шибутани үш күнде әуенді жазды. Олардың бұл аудиожаңалығы өз кезегінде бала бақша қызметкерлері мен ата-аналарға көпк көмегін тигізетін болады.

0 пікір
Мұрағат