Тыңайтқыштар аралардың гүлдің электр зарядын сезінуіне жол бермейді
|
Тозаңдандыратын жәндіктердің гүлмен әрекеттесуі морфологиялық, биохимиялық және физикалық факторлардың маңыздылығы бар күрделі, тіпті, интимді процесс. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зеррттеу материалы жарияланған PNAS Nexus мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жәндіктердің гүлге қонып тозаңдандыру процесін өсімдіктердің бетіндегі электростатикалық зарядты өзгертетін минералды тыңайтқыштар мен басқа да химиялық заттардың бұзатыны анықталды. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы көбелектер, аралар, тіпті, құмырсқалар сияқты тозаңдандыратын жәндіктермен тығыз байланысты болып шықты. Нәтижесінде осындай экологиялық туыстас түрлер – тозаңдандырғыш жәндіктер мен оған сәйкес өсімдіктер бір-бірінсіз тіршілігін жалғастыра алмайды. Ол ол ма, жәндіктердің белгілі бір түрлері мен гүлдің белгілі бір түрлері бір-біріне бейімделеді және тозаңдандыруда басқа түрлермен әрекеттеспейді. Қазіргі уақытта ангиоспермдердің көпшілігі жәндіктерден «тозаңдандыру қызметтерін» қажет етеді, оларсыз көбею қабілетінен айырылады. Сонымен қатар, жәндіктер гүлдегі тозаңның өзімен немесе өсімдіктер бөліп шығаратын арнайы шырындармен қоректенеді. Тозаңдандырғышты (жәндікті) тарту үшін гүлде бірқатар ерекшелейтін қасиеттер болуы керек. Дәлірегі, түсі, пішіні, әрине, ерекше хош иісі бұл арада маңызды рөл ойнайды. Бұл тараптағы таяудағы зерттеу барысында гүл мен тозаңдандырғыш арасындағы қарым-қатынастың тағы бір аспектісі - оның физикалық, дәлірек айтқанда, электростатикалық қасиеттері талқыланады. Өсімдікке синтетикалық минералды тыңайтқыштар мен басқа да агрохимиялық заттар түскенде гүлдің бұл қасиеті қатты өзгеретіні белгілі болды. Нәтижесінде аралар сияқты негізгі тозаңдандырушы жәндіктердің гүлдерге қонуы қиынға соғады. Пестицидтер, тыңайтқыштар және т.б. сияқты заттардың уытты әсері де бар шығар. Алайда агроэкожүйелер мен олардың тұрғындарына кері әсері тек уыттылығымен шектелмейді. Мұндай қосылыстар өсімдік гүлдерінің биофизикалық қасиеттерін ішінара өзгертеді. Бұл жайт өз кезегінде тозаңдандыру процесіне сөзсіз теріс әсерін тигізбей қоймайды. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар далада тәжірибе жүргізіп қоймай, сонымен қатар, компьютерлік моделдеу әдісін де қолданып көрген екен. Осы орайда тәжірибе үшін Bombus terrestrisdalmatinus - ірі тозаңдандырғыштарды таңдады, көп жағынан олар араларға ұқсас - тар жапырақты лаванда Lavandula angustifolia гүлдеріне, Eustoma russellianum тұқымдас өсімдіктерге қонатын жәндік турсында сөз болып отыр бұл арада. Тәжірибе барысында гүлдер минералды тыңайтқыштармен де, неоникотиноидты қосылыстар класының пестицидімен де өңделеді. Содан кейін ғалымдар гүлдердің бетіндегі электростатикалық зарядтың мөлшерін өлшеген. Нәтижесінде химиялық заттардың аралардың көру қабілетіне және иістерді ажырату қабілетіне әсер етпейтіні белгілі болды. Дегенмен, жәндіктер өте электростатикалық зарядтың таралуынан күрт өзгерген, длірегі, тозаңдандырғыштардың әрекетінде ауытқу байқалған, салдарынан гүлді тозаңдандыруда міндетін дұрыс атқара алмай қалды. Өсімдіктердің бетіндегі мұндай «биофизикалық ластану» 25 минутқа дейін созылды - жел сияқты табиғи факторлардың әсерінен заряд мөлшері өзгергеннен әлдеқайда ұзақ уақытқа созылған.
Ұқсас материал:
«Ластанған ауа жәндіктердің тозаңдандыру процесіне кері әсерін тигізеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/lastangan-aua-jandikterdin-tozandandyru-protsesine-keri-aserin-tigizedi-16347/#gsc.tab=0);
«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);
«Сабын көпіршіктері алмұрт гүлдерін тозаңдандыру үшін қолданылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sabyn-kopirshikteri-almurt-gulderin-tozandandyru-ushin-qoldanyldy-14605/#gsc.tab=0);
«Өсімдікті тозаңдандыратын робот жасалды» (https://www.islam.kz/kk/news/arturli/osimdikti-tozandandyratyn-robot-jasaldy-video-17102/#gsc.tab=0);
«Адамдар кесірінен аралар шағылысудан қалып барады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/adamdar-kesirinen-aralar-shagylysudan-qalyp-barady-16741/#gsc.tab=0);
«Аса қауіпті вирустан араларға жойылу қаупі төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/asa-qauipti-virustan-aralarga-joiylu-qaupi-tonip-tur-16842/#gsc.tab=0);
«Араларды қолға үйретуге (дрессировка) болатыны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aralardy-qolga-uiretuge-dressirovka-bolatyny-anyqtaldy-14150/#gsc.tab=0);
«Араларға қатысты екі жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/aralarga-qatysty-eki-janalyq-17622/#gsc.tab=0);
«Әлемде тұңғыш рет араларға арналған екпе жасалды. Екпе жәндікті неден қорғайды?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemde-tungysh-ret-aralarga-arnalgan-ekpe-jasaldy-ekpe-jandikti-neden-qorgaidy-17600/#gsc.tab=0);
«Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-jabaiy-aralarga-da-qauip-tondirip-tur-16250/#gsc.tab=0);
«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);
«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);
«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0);
«Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jandikterdin-40-paiyzy-joiylyp-ketti-endi-tagy-ushten-biri-qyrylady-13177/#gsc.tab=0);
«Әлемдегі ең маңызды жәндік аталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemdegi-en-manyzdy-jandik-ataldy-13756/#gsc.tab=0);
«Жәндіктер тобы электр қуатын найзағайдай сақтай алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jandikter-toby-elektr-quatyn-naizagaidai-saqtai-alady-17671/#gsc.tab=0)