Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр
Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр
2 жыл бұрын 1400 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Риверсайдтағы Калифорния университетінің ғалымдары климат өзгерісінің өсімдіктерді тозаңдандыратын  аралардың қорегіне теріс әсерін тигізетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Microbial Ecology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың бұл тарапта келтірген дерегіне қарағанда, климат өзгерісі жәндіктердің қорек көзі болып табылатын гүл нектарындағы микроб балансына кері әсерін тигізетін болып шықты. Бұл жайт өз кезегінде аралардың денсаулығына қаупті, нәтижесінде жеміс-жидек азаятын болады. Ал бұл жайт азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірмек. Ауа температурасының сәл көтерілуінің өзі микробтардың метаболизмін (зат алмасу процесін) тездетеді, бұл айт олардың тез өсіп-өнуіне ықпал етеді, нәтижесінде нектардағы қанттың көп бөлігімен өоректенетін болады. Аралардың дәм талғамын тексеріп көру үшін ғалымдар зертханада нектардың бірнеше түрін әзірлейді. Кейбірі зарарсыздандырылған, кейбірінде микробтар кездеседі. Аралар белгілі бір мөлшерде микробы бар нектарды «қанты аз болса да) таңдаған. Алайда, аралар микробы көп нектарға да, микробы жоқ нектарға да жоламаған. Ғалымдардың топшылауынша, бактериялар мен ашытқы араларға қантты қорытуға көмектеседі немесе микроорганизм жәндіктердің денсаулығына пайдалы метаболиттерді бөледі.

Ұқсас материалдар:

«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат