Құстардың атауы өзгертіледі
Құстардың атауы өзгертіледі
6 ай бұрын 675 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық орнитологтар қауымдастығы адамдардың құрметіне аталған құстардың атауын өзгертеді, дәлірегі, тіршілік ететін ортасы мен сыртқы келбетіне қарай атау беріледі. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, құстардың 70-80 түрінің атауы өзгертіледі. Алайда, бұрынғы латынша атаулары қалдырылатын болды. Атап айтқанда, МакКон жолжелкені бұдан былай Қоңыр төсті жолжелкен деп өзгертіледі. Аталған құстың бұрынғы атауы қара нәсілді белсенділердің наразылығын тудырған еді, өйткені, бұл атау Конфедерация үшін күрескен натуралист Жон МакКонды еске түсіретін. Осы орайда америкалық орнитологтар құстарға аты берілген тұлғалардың осындай құрметке лайықты ма, жоқ па, оны анықтауға уақыт кетірмейді. Құс адамзатқа ортақ тіршілік иесі әрі жалпыға ортақ ағылшынша атаулардан біржола арылуды мақсат етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат