Өз азығын адам секілді өзі өсіретін жануар белгілі болды
Өз азығын адам секілді өзі өсіретін жануар белгілі болды
2 жыл бұрын 8777 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суырдың да адамдар секілді ауыл шаруашылығымен айналасытынын анықтады. Суыр өсімдікті тыңайтып, оның өсуіне кәдімгідей көңіл бөлетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта суыр індері көп алаңды зерттей келе аталған жануардың қарағайдың тамырларын жинап қоймай, сонымен қатар, оны арнайы өсіртінін де анықтады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Флорида университетінің Френсис Путц есімді биологтың айтуынша, суыр адамды есептемегенде ауыл шаруашылығымен арнайы айналысатын жануар. Диханшылық белгілері бұрын құмырсқаларда, қоңыздарда және термиттерде байқалған, алайда,  сүтқоректілер арасында байқалмаған еді. Ғалымдар тамырлардың тоннелдерде өскен тамырларды қадағалай келе бір тамырдың суыр бір күнде тұтынатын калорияның 20-60%-н қамтитынын аңғарған. Тамырлар суыр ініне енгеннен кейін аталған жануар олардың өсуін ынталандыру үшін саналы түрде зәрімен және нәжісімен тыңайтатын болып шықты. Бұдан бөлек, ьамырлардың одан ары өсуін ынталандыру үшін арнайы уақыт бөледі.

Ученые нашли первое млекопитающее, которое, как и человек, выращивает свою  пищу

0 пікір
Мұрағат