Көбелектің сынып қалған қанатының орнына жасанды қанат жалғап ұшырды (видео)
Көбелектің сынып қалған қанатының орнына жасанды қанат жалғап ұшырды (видео)
3 жыл бұрын 2564 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Далия есімді америкалық бойжеткен TikTok әлеуметтік желісінде қанаты сынып, ұшуға жарамай қалған көбелекке қалай «протез» орнатқанын жариялапты. Бұл жайында islam.kz порталыThe Dodo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қанаты зақымдалып жараланған көбелекті төніп келе жатқан өлім қатерінен қалай құтқарып, қалай емдеп жазғаны түгел көрсетілген. Үйінде қанаты зақымдалған көбелекке кез болған Далия оны бірнеше күн бойы бал мен судан өз қолымен әзірлеген қорекпен азықтандырған екен. Сонсоң дүкеннен қауырсын сатып алып, көлемі мен пішіні сай келетінін жалғайды. Алғашында көбелек жасанды қанатпен ұша алмайды, алайда, уақыт өте келе талпынысы зая кетпей ауада қалықтай алатын дәрежеге жетеді. Немо-Баки деп атаған жәндікті бақшаға шығарады, көбелек өз бетінше гүлге қонып, қоректенетін болды. Көбелек біршама уақыт көзден ғайып болған екен, Далия оны жасанды қанатпен өз бетінше табиғатта тіршілік ете ала ма, деген уайымға беріледі. Алайда, біршама уақыт өткенде оны қайта кезіктіреді.

Ұқсас материалдар:

«Бүгінгінің қаһарманы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/buginginin-qaharmany-foto-13936/#gsc.tab=0);

«Жаратылыс құпиясы: көбелек қанатындағы қара құрдым» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jaratylys-qupiyasy-kobelek-qanatyndagy-qara-qurdym-13363/#gsc.tab=0);

«Ең агрессивті көбелек» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/en-agressivti-kobelek-foto-10206/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудан көбелектер көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynudan-kobelekter-kobeiip-keledi-13362/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат