Кесірткенің тағы бір түрі белгілі болды
Кесірткенің тағы бір түрі белгілі болды
3 жыл бұрын 2752 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Перудің Анд тропикалық орманынан, дәлірегі, Уалияга өзені маңынан кесірткенің осы уақытқа дейін адамзатқа белгісіз болып келген түрі табылды. Оны Enyalioides feiruzae деп атады, ол Feiruzae тобына жататынын белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы evolsyst.pensoft.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзге кесірткелерге, соның ішінде шөлде тіршілік ететін сұр түсті кесірткілерге қарағанда анық та қанық түрлі түстерімен, яғни, түстерінің әралуандылығымен дақтарымен ерекшеленеді. Тіпті, қабыршықығының пішіні мен түсі де өзгеше. Әдетте аталған кесіртке бұта-қараған мен ағаштардың бұтақтарында 20-150 сантимтер биіктікте тіршілік етеді. Амазониядан табылған бұл кесіртке жердегі биологиялық әр алуандылығы барынща бай, яғни, түрлі жәндіктер мен жануарлар түрлерінің ең көп шоғырланған аймағынан табылып отыр.

Ұқсас материал:

«Кесірткенің жаңа түрі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/kesirtkenin-jana-turi-tabyldy-15508/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат