Жыл сайын 13 мың шақырым шалғайдан сыңарын іздеп ұшып келетін құс (фото+видео)
Жыл сайын 13 мың шақырым шалғайдан сыңарын іздеп ұшып келетін құс (фото+видео)
6 жыл бұрын 7568 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл хикая осыдан 20 жыл бұрын басталған... Степан Вокич есімді хорватиялық азамат құтанды браконьерлерден құтқарып қалған еді. Аңшылар құстың қанатын зақымдап тастаған екен. Қанаты қайырылып ұша алмай қалған жаралы құсты үйінде асырап, оған Малена есімін берген болатын. Біршама уақыттан кейін көктем мезгілінде Степан Вокич тұратын шағын елді-мекенге тағы бір құтан ұшып келеді. Оның жараланып қалған сыңарын іздеп келгені белгілі болады. Оны Клепетан деп атайды. Олар жыл сайын ұя салып, жұмыртқа басып, жазғатұрым балапан өргізеді. Клепетан күзде жылы жаққа, дәлірегі, Африка құрлығына ұшып кетеді. Ал сыңары Хорватияда қалады. Степан Вокич оны үйінде ұстайды екен: бірге теледидар көреді, бірге балық аулауға барады, ал көктем шыға ол ұясына ауыстырылады. Осы уақытқа дейін олар 62 балапан басып шығарған екен.

000000000 (565x285, 353Kb) 

0000000000 (700x388, 238Kb)

0 пікір
Мұрағат