Жүргізуші көлігінің үстіне аю мініп алып жол бойы онымен бірге келгенін байқамаған (видео)
Жүргізуші көлігінің үстіне аю мініп алып жол бойы онымен бірге келгенін байқамаған (видео)
8 жыл бұрын 2472

Нью-Мексикода қоқыс тасушының көлігіне аю мініп алып, онымен бірталай жерге дейін бірге келген. Аю жол бойында  ағашқа ілініп қалған соң, көлік төбесінен секіріп кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі бұл жайында тіпті білмепті. Аюды тек жерге секіріп түскен соң ғана байқаған. Механик Эван Вельш аталған роликтің авторы. Жыртқышты қуу үшін бақтың 30 қызметкері жиналған. Аю көп аялдамастан ағаштан түсіп, өз бетімен кетіп қалған. 

Қаншыр 3 абданды дүниеге әкелді (видео)

Тбилиси қаласындағы хайуанаттар бағында Клеопатра деп аталып кеткен қаншыр бірден 3 абданды дүниеге әкелді. Арыстанның күшіктері әзірге енелерімен бірге. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, абдандар өсе келе, жеке қамаққа ауыстырылады. Бұл өткен жылғы су тасқынынан бері хайуанаттар бағында өмірге келген алғашқы жануарлар. Былтырғы апат кезінде арыстан, жолбарыс, қасқыр, аю сияқты ірі хайуандар опат болған еді. Олардың біраз бөлігі суға тұншығып жан тапсырды. Кейбірі бостандыққа шығып, қала тұрғындарының зәресін алған. Оларды полицейлер атып өлтірді. Зураб Гуриелидзе, Тбилиси хайуанаттар бағының директоры: - Былтыр Тбилиси хайуанаттар бағындағы апат кезінде әртүрлі себептер салдарынан 280-нен астам жануар ажал құшты. Олардың арасында Клеопатраның төлі, осында келушілер арасында кеңінен танымал болған Шумба да бар. Енді оның ұяластарының өмірге келуі біз үшін үлкен оқиғаға айналды. Бұлар да келушілердің көзайымына айналады деген сенімдеміз.

0 пікір
Мұрағат