Жануарларды терісі үшін аулауға, өлтіруге тыйым салынды
Жануарларды терісі үшін аулауға, өлтіруге тыйым салынды
6 жыл бұрын 5158 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгия билігі 2023 жылдан бастап, жануарларды терісі мен жүні үшін аулап, өлтіруге, сондай-ақ, белгілі француз деликатесі фуа-граға ресми түрде тыйым салды. Бұл жайында жергілікті VRT телеарнасы хабар таратты. "Жануарды терісі үшін өлтіру өткен ғасырда қалдыру керек. Қаздарды фуа-гра үшін жемдеуге де қатысты бұл. Жануарларды терісі мен жүні үшін асыру және деликатес үшін қаздарды мәжбүрлеп жемдеу 2023 жылдан бастап заңсыз іс саналады",- деп мәлімдеді жануарларды қорғау жөніндегі фламандық министр Бена Вейтс. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары келтірген дерекке қарағанда, қазіргі уақытта Белгияның нидерланды тілінде сөйлейтін бөлігі - Фландрияның бір өзінде терісі мен жүні үшін асырап, жыл сайын 200 мың жануардың терісін сыпыратын 17 ферма жұмыс істеуде. Ал фуа-граға келсек, бордақыға байланған қаздың немесе үйректің арнайы жолмен әзірленетін бауыры. Мұндай қаздың немесе үйректің бауыры арнайы жемдеуден бауыры 1 келіге дейін өседі, ал қалыпты жағдайда олардың бауырының салмағы 100 грамға әзер жетеді. Тағы бір айта кететін жайт: Белгия осымен Еуропадағы бесінші ел фуа-граға тыйым салып отырған. Мұндай тыйым Францияда, Испанияда, Болгарияда және Венгряида бар. 

0 пікір
Мұрағат