Жануарлар әлемі: Теңізде қоқыс қабына оралып қалған тасбақа құтқарылды (ФОТО,ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Теңізде қоқыс қабына оралып қалған тасбақа құтқарылды (ФОТО,ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4606 inform.kz National Geographic

Арабия теңізінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілі полипропилен қапқа оралып қалған тасбақаны байқап қалды. Абырой болғанда, жануарға дер кезінде көмек көрсетілді. Экологтардың мәліметінше, әлемде жылына 8 миллион тоннадай пластик қалдық тасталады. Яғни, әр минутта мұхитқа бір қоқыс жинаушы көлікке сыятын қалдық шашылады. Қазір 150 миллион тоннадан астам пластик әлемдік мұхитты ластап жатыр.  

null

null

БҚО-да ауыл тұрғыны салмағы 70 келіден асатын жайын ұстады (ФОТО)

Қазталов ауданы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайынов 19 маусым күні Қараөзеннен салмағы 70 кг, ұзындығы 2 метр 20 см болатын жайын ұстады. Жергілікті журналист Қайрат Жақыптың хабарлауынша, ауыл тұрғыны мұндай олжаға бірінші рет кенеліп отырған жоқ. Ол өткен жылы дәл осы өзеннен салмағы 45 кг, ұзындығы 2 метр болатын жайынды ұстаған болатын. Сөйтіп Жайынов жайын ұстау жөнінен өз рекордын осылайша жаңартып отыр.

 

null

 null

0 пікір
Мұрағат