Жануарлар әлемі: Қаршыға тірі жыланды демалып жатқан адамдардың үстіне тастай салды (видео)
Жануарлар әлемі: Қаршыға тірі жыланды демалып жатқан адамдардың үстіне тастай салды (видео)
8 жыл бұрын 5058 stan.kz, bigpicture.ru

Австралияның Мельбурн саябағында тырнағымен тірі жыланды іліп ұшып бара жатқан қаршыға оны адамдардың үстінен тастай салды. Видео авторы Дуглас Вон отбасымен бірге көкке шыққанын айтады. Әлдекім оған ұшып бара жатқан қаршығаны көрсеткен. Вон осы сәтті видеоға түсіріп тұрған. Қаршыға олардың төбесінен ұшып бара жатқанда өзі алып ұшып бара жатқан жыланды тастап жіберді. Құстың әдейі солай жасағына, әлде кездейсоқ болғаны белгісіз. Жарияланғанынан бері аз уақыт ішінде бірнеше лайк жинап үлгерген видеоға кейбір желі қолданушылары сенбестік білдіруде. Олар көлеңкенің дұрыс түспей тұрғанын және жыланның өте жылдам қозғалатынын бейне қолдан жасалған деп есептейді. Алайда, Вон бәріне телефондағы түпнұсқаны көрсетуге дайын екенін айтады.

Швейцарияда мысық адасып кеткен саяхатшыны құтқарып қалды (фото, видео)

Құтқарушылардың жұмысына иттер ғана емес, мысықтар да көмектесе алады екен.

1371

Швейцарияға барған саяхатшы тауда жүріп адасып кетіп, жабық тау-шаңғы кешенінен бір-ақ шығады.

2234

“Мен қонақүйге дейін қалай барады деп телефонымның картасына кіріп тексердім. Қай жерде тұрғанымды да анықтадым. Тек жалғыз жол, жабық өткен арқылы ғана тұр екен”, – дейді ол.

32

Сол кезде күтпеген жерден мысық пайда болып, адасып кеткен саяхатшыны өзімен бірге ертіп жүреді. Әрдайым тоқтап артына қарап, адамды “келе жатыр ма” дегендей бақылап отырған.

4142

Осы оқиға әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін, көптеген адамдар сол мысықтың аталмыш жерде үнемі жүретінін айтып, тіпті, дәлел ретінде суреттерімен де бөліскен. Сірә, бұл кішкентай мысық жолаушыларға жол көрсетуді өзіне міндеттеп алған секілді.

0 пікір
Мұрағат