|
Жануарлар әлемі: Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды (видео)
|
«Мехикодағы «Теңбілшер, ақ жолбарыстар» зообағында оқыс оқиға орын алды. Хайуанаттар бағының қызметкері Эдуардо Серио Дарма атты қабыланның жемтігіне айналуға сәл-ақ қалды. Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды. Оны жолбарыс Азтлан бір қатерден құтқарды. Эдуард жыртқыштар тіршілік кешетін қоршауға жиі кіріп, ондағы аңдарды бағып-қағатын, еркелететін. Бірақ, жақында оның аңдармен кезекті қатынасының соңы қайғымен аяқтала жаздады. Эдуардо Серио 6 ақ арыстанмен болған сәтте Дарма оған шабуыл жасамаққа әрекеттенген. Арыстандармен айналысып жатқан Серио ту сыртынан ақырындап келе жатқан қабыланды байқамай да қалды. Азтлан қабылан адамға атылған сәтте оны аяғынан қағып құлатты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді