Жануарлар әлемі: Ерлі-зайыпты горилла асырап, онымен 18 жыл бірге тұрып келеді (фото)
Жануарлар әлемі: Ерлі-зайыпты горилла асырап, онымен 18 жыл бірге тұрып келеді (фото)
8 жыл бұрын 4093 Stan.kz

Пьер мен Элиан Зивиллион Дижит атты горилла маймылымен 18 жыл бірге  тұрған. Маймылды ең алғаш үйіне әкелгенде оның салмағы небары 2 келі ғана болған екен.

1471846351_francuzskaya-semeynaya-para-prozhila-sovmestno-s-gorilloy-18-let-1

Фото: nz1.ru
Қазір Дижит үлкен болып өсіп кеткенімен әлі күнге дейін тісінің арасында тұрып қалған тамақты, немесе саусағының арасына тұрып қалған заттарды алып тастау үшін асырап алған ата-анасының көмегіне жүгінеді.

Ерлі-зайыпты жыл өткен сайын маймылға бауыр басып қалғандықтан оны жалғыз қалдыруға кимаған. Өздері Лионға жақын маңда тұрғандықтан қазір жеке зообағын ашыпты.

1471846353_francuzskaya-semeynaya-para-prozhila-sovmestno-s-gorilloy-18-let-2

«Біз Дижитті ешкімнің қарауынсыз тіпті бірнеше сағатқа да қалдыра алмаймыз. Сондықтан біз театрға, киноға немесе достарымыздың үйіне қонаққа қыдырып бармадық. Дижит өскен соң ғана оған арнап үйдің жанынан корпус орнаттық», – дейді Элиан.

1471846342_francuzskaya-semeynaya-para-prozhila-sovmestno-s-gorilloy-18-let-3

Бұл отбасы бір үйір қасқырмен бірге өмір сүруде (фото)

Фадил мен Хасия Миланда Мая және Алека атты екі қасқыр сатып алған. Олардан ұрпақ тарап қазір екі қасқыр алты қасқырға көбейген.

1471687773_semya-zhivet-v-odnom-dome-so-staey-volkov-1

Фото: nz1.ru

Үй қасқырлары иелеріне еркелеп, олардың құшақтағанын қалайды. Олар айға қарап ұлып, не жемтігін іздейтін жыртқыштар емес.

1471687759_semya-zhivet-v-odnom-dome-so-staey-volkov-2

Отбасындағы үлкен ұлы Бурим Исмаилитов үйіне келетін қонақтардың қасқырлардан қорқатынын айтады.

1471687719_semya-zhivet-v-odnom-dome-so-staey-volkov-3

«Қасқырлар біздің отбасы мүшемізге айналған. Біз оларға құрметпен қараймыз. Олар біз үшін үй жануарларынан артық секілді көрінеді», – дейді ол.
1471687791_semya-zhivet-v-odnom-dome-so-staey-volkov-4

0 пікір
Мұрағат