|
Жануарлар әлемі: Балықшылар сирек кездесетін аузы үлкен акуланы ұстап алды (ВИДЕО)
|
Жапонияда балықшылар сирек кездесетін аузы үлкен акуланы ұстады. «Бұл акула планктон мен өзге де азықты аулау үшін аузын ашып жүзеді», - деп жазды жапондық бұқаралық ақпарат құралдары. Ұзындығы шамамен бес метрді құрайтын акула Миэ префектурасында ОВАС портынан бес шақырым жердегі балықшылардың торына түсті. Оның салмағы шамамен бір тоннаны құрады. Оны жапониялық мейрамхана сатып алды. Ғалымдар атап өткендей, аузы үлкен акулалар күндіз 120-160 метр тереңдікте жүзеді, ал түнде 12-25 метрге жақындайды.
Иесін қызғанған ит (ВИДЕО)
Қызғаншақ ит қолына қозы мен мысықты ұстаған иесінің назарын өзіне аудармаққа әрекеттенді. Оның бұл үшін білген бар әдіс-айласын жұмсап баққандығын видеодан көргеннің езуіне күлкі үйірері анық.
Қолтырауын өз «бауырласын» жеп қойды (ВИДЕО)
Бұл оқиға АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қорығында орын алды. Мұнда демалушылар жергілікті мекендеушілердің бірінің қаталдықпен тамақтануын байқап қалды. Аллигатор өзінен көлемі кішірегін қылғытып салды. Аллигаторлардың ешқандай азықтан бас тартпайтыны белгілі: олар балықты да, тасбақаларды да, сүтқоректі хайуандар және басқа рептилиялармен қоректенеді. Кейде тіпті өзінен кішілерін де жейді, әдетте бұл жас және ірі емес қолтырауындар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды