|
Жәндіктерге арналған «қонақ үй» (видео)
|
Швецияда арнайы құрылғыда бал арасы мен бау-бақша зиянкестерімен қоректенетін жәндіктер орналаса алады. Аталмыш мейманхананың аумағы 20 шаршы метрге жетеді. Бұл қонақ үйдің 400 нөмірі, яғни, «бөлмесі» бар. Екінші қабатта «асханасы» орналасқан: аралар мен жәндіктерге арналған түрлі өсімдіктер мен гүлдер өсірілген. Жәндіктерге арналған қонақ үй құрылысына сабан, бамбук, жүн, кірпіш, т.б. пайдаланылған. Бұл жәндіктерге арналған алғашқы қонақ үй емес, өткен жылы Нидерландыда да ашылған болатын. Мұндай қонақ үйлер өз кезегінде сол маңдағы зиянкестерді жолатпауға көмектеседі. Зиянкес жәндіктермен биологиялық күрес осылай жүргізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады