Жәндіктер де ауруды сезетін болып шықты – зерттеу
Жәндіктер де ауруды сезетін болып шықты – зерттеу
2 жыл бұрын 1843 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдары бұл бағытта метаталдау жүргізіп, жәндіктердің де сүтқоректілер секілді субьективті ауруды бастан өткеретініне көз жеткізіпті. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде омыртқасыз тіршілік иелеріне де адамгершілік тұрғысынан қарау мәселесін алға татпақ. Жәндіктердің бойында кездесетін ауырсынуды субъективті қабылдау мен ноцицепцияның аражігін ажырату керек. Мұндағы айырмашылық - жүйке жүйесінің рефлекстердің жұмысына кедергі жасау және жағымсыз тітіркендіргішке жаңа реакция көрсету қабілетінде жатыр. Адамның негізгі қабылдау қасиеттерінің бірі ретінде ми сигналдарымен моделдеу (елестету, белгілі бір мазмұнға айналдыру, т.б.) қабілетін атаймыз. Әскерилер дененің жеке опиаттары ноцицептивтік сигналды басатындықттан, тіпті, ауыр жарақат алған жағдайда да күресуді жалғастыра алады. Тісін қайрап немесе тістеніп, ауруды басуға қабілетті келеді. Міне, жәндіктердің миында да осындай тетік бар болып шыққан. Жәндіктер ауырған кезде тәбетін жоғалтады. Алайда, сүтқопектілерге қарағанда оларда опиоидті рецептор болмайды. Мұндай рецептордың рөлін өзге пептид (ақуыз) атқаруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат