Ең зиянкес бес жәндік аталды
Ең зиянкес бес жәндік аталды
2 жыл бұрын 3821 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандар адамның мазасын қашырып, машақатқа салатын ең зиянкес үй жәндіктері мен паразиттерін атады. Бұл жайында  islam.kz порталы аталмыш тізімді жасаған LifeHacker ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен, аталған ақпарат көзінің тізіміне тарақан, есекқұрт, термит, ара және қандала енген. Америкалықтардың ұлттық саламатты тұрғын үй орталығы ескерткендей, тарақандар ауру тудыратын бактериялар таратып, үйде жағымсыз иістің жайылуына ықпал етеді. Кей жағдайларда олар аллергия мен демікпе дертін қоздырады. Ал есекқұрт қағаз кеміріп, крахмал тағамдармен қоректенеді. Термиттер ағаш жиһаздар мен бұйымдардың жауы. Зиянкес жәндіктер тізіміне енген бал арасының адамзат үшін пайдасы ұшан теңіз болғанына қарамастан мамандар бұл жәндік қоныстанған жерден аулақ жүруге кеңес береді. Дәлірегі, бал арасы үйдің, қандай да бір конструкцияның қуыс-қуысына ұя салғанды жақсы көреді. Төсек қандаласына келсек, адамды шағып, ұйқы бермейді. Мамандар бұл аталған жәндіктерден зиянкестермен күресетін мамандандырылған ұйымдардың көмегімен құтылуға болатынын алға тартады.

 

0 пікір
Мұрағат