Аса қауіпті, супер масалар пайда болады
Аса қауіпті, супер масалар пайда болады
1 жыл бұрын 1357 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Азия елдері мен Африка құрлығынан кейбір жәндіктерден танымал химиялық заттарға қарсы іс жүзінде төзімді ететін бірқатар мутациялар табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Dailysabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Масалардың қауіпті эволюциясын ескере отырып, олар Азияның кейбір бөліктерінде инсектицидтерге төзімді болып келетінін айта кету керек. Ғалымдардың айтуынша, олармен күресудің жаңа тәсілдері қажет. Денсаулық сақтау ұйымдары маса қаптаған аумақтарға инсектицид шашып, жәндікті улау шарасы түбінде масалардың аталған химиялық затқа деген төзімділігін қалыптастырған. Десе де бұл проблемың ауқымы қаншалықты екені әлі анықталған емес. Осыны ескерген Синжы Касай есімді жапон ғалымы бастаған топ Азияның бірқатар елі мен Ганада масаларды зерттеген екен. Бұл тараптағы зерттеу барысында күншығыс елінің ғалымдары жәндікті пиретроид негізіндегі перметрин секілді химиялық затқа төзімді ететін мутацияны тапқан. Соның ішінде Камбоджа аумағында тіршілік ететін Aedes aegypti масаларының 90%-дан астамында мутация комбинациясы табылған. Сондай-ақ, ғалымдар бұрын байқалған 100 есе төзімділікпен салыстырғанда 1000 есе төзімділікке ие маса штамдары анықталғанын алға тартып отыр. Бұл нені білдіреді – масалардың 100%-ға дерлігін жойып келген инсектицид аталған жәндітердің тек 7%-ын ғана жоя алады. Тіпті, инсектицидтің мөлшерін 10 есеге арттыған күннің өзінде аса төзімді масалардың тек 30%-ын ғана жоя алған. Ғалымның сөзіне қарағанда, қанды безгек геморрагиялық қызбаны тудыруы және жылына 100-ден 400 миллионға дейін адамға жұғуы мүмкін, дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бұл дертке шалдыққандардың 80%-дан астамы жеңіл өткереді немесе оларда симптомсыз өтеді.

0 пікір
Мұрағат