2050 жылға дейін кірпілер жойылуы мүмкін
2050 жылға дейін кірпілер жойылуы мүмкін
2 жыл бұрын 2063 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамандар егістік алқаптарына шашылатын пестицидтен кірпілердің тұқымы тұздай құрып бара жатқанын айтып, дабыл қаға бастады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, пестицидтер мен тыңайтқыштар кірпілердің иммунитетін әлсіретіп, аурушаң етіп жатыр. Экологтер климат өзгерісінен әлем бойынша кірпілерден тұқымы қалай қырылатынын алға тартып отыр. Олар климат жайлы, дәлірегі, қоңаржай аймақтарға көшіп жатыр. Алайда, жол-жөнекей опат болуда әрі антропогендік факторларға байланысты олардың тіршілік ету ортасы тарылып келеді. Бұдан бөлек,, әлемнің әр түкпірінде жиі қайталанатын орман өртінен де, айлап-жылдап созылатын құрғақшылықтан да қырылуда. Осынау сүтқоректі жануаардың қорек табу көзері азайып барады. Бұған қоса, климат дағдарысына байланысты кірпілердің қысқы ұйқы ерзімі қысқарып, шағылысу маусымы ерте басталатындықтан қаңтар айының соңында балалайтын болып жүр, осының салдарынан суық наурыз әрі сәуір айларында көбісі опат болуда. Осылайша жойылу қаупі төнген жануарлар қатарын тағы бір жануар толықтырып отыр. Француздардың НКО Les P’tits Kipiks хайуанаттар қорғаушысы жануарларды құтқару орталығында саны бойынша кірпілер қарасы көш бастап тұрғанын айтып, дабыл қағуда.

Қосымша мәлімет: 

faktiler.kz дерек көзінен:

Кірпі – ежелгі жануар. Олар біздің планетада 15 миллион жыл бұрын пайда болып, суық және батпақты жерлерден басқа, барлық климаттық аймақтарда өмір сүреді. Жер бетінде 17 түрі бар. Оның денесінде 10 мыңнан астам ине бар. Иненің өсу уақыты – 1 жыл. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңартылып отырады. Қысқы ұйқысы 128 күнге созылады. Жазғы уақытта, қажетті май қорын жинай алмаса, ұйықтау барысында өліп қалуы мүмкін. Ұйқы кезінде жүрегі минутына 20-60 рет ғана соғады, ал қалған кезде 180 рет. Оянғаннан кейін, бірнеше күн бойы азық іздейді. Кірпілер – түнгі жануарлар және өз індерінен алысқа кетпейді. Бұл сүтқоректілерді күндіз кездестіру қиынға соғады. Әдетте олар, диаметрі 15-20 сантиметр інінен шықпайды. Кейбір мәліметтерге қарамастан, кірпі тышқандарды ауламайды. Өйткені, жылдамдығы олардан төмен. Көбінесе құрт, қоңыз, кесіртке және жеміс-жидектермен қоректенеді. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда жыланға шабуыл жасауы мүмкін. Себебі, жыландардың уына қарсы иммунитеті бар. Өмір сүру ұзақтығы – 5 жыл. Үй немесе хайуанаттар бағында тіршілік жасайтындарында шамамен – 10 жыл. Түстерді жақсы ажыратқанымен, көру қабілеті нашар. Есту және иіс сезу қабілеттері керемет дамыған. Олардың тістерінің саны – 36. Құйрығының ұзындығы – 3 см.


0 пікір
Мұрағат