Жаһандық жылынуға байланысты Парсы шығанағында вертикалды оазис жобасы қолға алынады (фото)
Жаһандық жылынуға байланысты Парсы шығанағында вертикалды оазис жобасы қолға алынады (фото)
4 жыл бұрын 2697 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

FAAB Architektura студиясында экологиялық ғимарат жобасы сызылды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. Дәлірегі, аптап орнаған араб түбегенде бой көтеруі тиіс, биіктігі 220 метрге жететін зәулім ғимаратты салқындатуға жұмсалатын энергия 66 %-ға кем болмақ. Бетонның, керамиканың немесе кейінгі кезде сәнге айналған ағаштан қас бетінің орнына пайдаланылатын Vertical Oasis конструкциясы BIPV (Building Integrated Photovoltaics) панелінен тұрады. Ол күн сәулесін электр энергиясына айналдырады. Ғимарат терезесіне орнатылатын шынылар да энергия өндіретін технологиямен жасалады. Аталмыш ғимаратты тұрғызатын құрылыс инженерлері биотехнологиямен жұмыс істейді. Вертикалды оазистың «жасыл терісі» түрлі датчиктермен әрі жасанды интеллектімен жабдықталған модулды жүйе арқылы басқарылатын өсімдіктерден әрі микроорганизмдерден тұрады. Ғимаратта тұратындар мен жұмыс істейтіндер арнайы қосымша арқылы вертикалды оазисті басқару ісіне араласып, атсалыса алады. Мәселен, нақты бір өсімдіктің өсуін тездете алады немесе ауаны желдету үшін микроорганизмдерді белсендіре алады. Бұдан бөлек, жалпы ауданы 182 мың шаршы метрде алатын аумақты алатын вертикалды оазистің бұл айтылғандардан бөлек замануи технологияға негізделген көптеген артықшылықтары болады. 53 қабатты ғимаратта кеңсе, қонақ үй, пәтерлер, т.б. қамтылады. Бұл нысанды пайдаланушы нақты уақыт аралығында аталған жүйенің жұымысын қадағалап, ақпарат ала алады. Мәселен, оттегінің деңгейін біле алады, т.б. табиғи транспирациялық процесс (өсімдіктер арқылы судың қозғалысы мен булануы) ауаны құрғатпай салқын температурада ұстайды. Бұдан бөлек, ғимараттағы өсімдіктер өз кезегінде тек ғимарат ішін салқындатып қоймай, сонымен қатар, сыртқы шудан қорғайтын шу оқшаулаушы технология ретінде алға шығады.

Фото by FAAB Architektura https://www.instagram.com/p/B92dREZJAmO/

Фото by FAAB Architektura/ archdaily.com

Фото by FAAB Architektura/ archdaily.com

Фото by FAAB Architektura https://www.instagram.com/p/B92dREZJAmO/

0 пікір
Мұрағат