Жаһандық жылынуға байланысты аса қауіпті бактерия таралуда
Жаһандық жылынуға байланысты аса қауіпті бактерия таралуда
1 жыл бұрын 1241 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар дабыл қағып, әлем қауымдастығына қатердің қайдан төніп тұрғаны турасында ескерту жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Scientific Reports ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық зерттеушілер ауа температурасының жоғарылауы мен Солтүстік Америкадағы қауіпті инфекция – жұмсақ тіндердің өліміне әкелетін Vibrio vulnificus бактериясының таралуы арасындағы байланысты анықтады. Соңғы 30 жылда бұл індетті жұқтыру көрсеткіші жаһандық жылыну салдарынан 8 есе өскен және атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін айтарлықтай азайтпаса, 2100 жылға қарай аталмыш инфекцияға шалдығатындар қарасы 2 есе өсуі мүмкін. Vibrio vulnificus – тұшшы теңіз суы бар тропиктік және субтропиктік аймақтарда тіршілік ететін тырысқақ ауруын қоздырғышына ұқсас бактерия. Тері жараларына еніп, жұмсақ тіндердің өліміне әкелетін ауыр некротикалық фасциит инфекциясын тудыра алады. Оны жұқтырған науқастың инфекциядан қарайып, тірлігін тоқтатқан тінді хирургиялық жолмен алып тастамаса, адам бірнеше тәуліктен кейін өліп кетеді. Ғалымдар аттай 30 жыл бойы Vibrio vulnificus инфекциясының АҚШ-тың шығыс жағалауындағы жиілігін талдай келе аталған дерттің климат өзгерісімен байланысы барын анықтады. Бүгінде аталған аймақта жылына бұл індетті жұқтыратындар қарасы 100-ге жуықтаған, ал 1988 жылы бұл көрсеткіг небәрі 10 адамнан аспаушы еді. 2018 жылға қарай жұқтырғандар саны жылына 80-ге дейін өсті және жылына шамамен 48 шақырым жылдамдықпен солтүстікке жылжыды (таралды). Бұл құбылыс ауа температурасының көтерілуімен байланысты болып шықты.

0 пікір
Мұрағат