ХРИСТИАН ОТБАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАН БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ (ВИДЕО)
ХРИСТИАН ОТБАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАН БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3278 E-ISLAM

Индонезиялық жеткіншек мәдениетаралық тосқауылды жеңіп, алғаш қорқыныш пайда болғанына қарамастан, христиан отбасында өмір сүруді тәжірибесінен өткізді.

Апипа есімді мұсылман қызы оқушы алмасу жобасы аясында Джакартадағы христиан отбасына түсті. Бейнероликте қыз алғашқы сәтте қатты қорыққанын, барған отбасы иелерінің өзін шіркеуге алып баруы мүмкін бе, өшпенділік тумайды па деген сауалдар мазалағанын жеткізді.

Сонымен қатар, қызды қабылдаған тарап – Реймонд Лим мен оның жұбайы да мазасызданған екен. Олар оқушы мұсылман қызына қандай тамақ беруді ойлап, халал емес астарды араластырып алмауға көңіл бөліпті.

Христиан отбасында бірнеше күн тұрғаннан кейін Апипа жаңа тұрмысқа бойы үйренген. Ал үй иелері ислам дінінмен жақынырақ танысып, кішкентай мейманын жақсырақ ұғына түскен.

Апипа мен христиан отбасы достаса білді. Христиан ерлі-зайыптылар оның намаз оқуына жағдай жасап, қалауына қарай мешітке көлікпен жеткізіп тұрды. 

 

0 пікір
Мұрағат