Химиктер бактерияға қарсы және биологиялық тұрғыдан ыдырайтын қаптама жасады
Химиктер бактерияға қарсы және биологиялық тұрғыдан ыдырайтын қаптама жасады
2 ай бұрын 815 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Плекханов атындағы Ресей экономика университетінің білікті мамандары бір-біріне қарама-қарсы көрінгенімен бір мезгілде пайдалы қасиеттері бар жаңа қаптама материалын ұсынды. Бұл туралы islam.kz порталы РФ ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл материал азық-түлік пен тағам өнімдерін микробтардан қорғап қана қоймай, қаптаманың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін олардың әсерінен де ыдырайды. Бұл тараптағы ғылыми зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бактерияға қарсы эффектіні биодеградация мүмкіндігімен біріктіру технологиясы өз кезегінде тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұлғайтудың кепілі ретінде алға шығады. Мұндай екі қасиетке, дәлірегі,  қос эффектіге қаптама материалына арнайы компоненттерді қосу арқылы қол жеткізіледі. Қолданылатын бактерияға қарсы қоспа зиянды микроорганизмдерден өнімді пайдаланудың алғашқы күндері қорғайтын болады. Содан соң қаптаманың ыдырау процесін жеделдету үшін бактерияға қарсы агент ретінде мыс тотығымен біріктірілген термопластикалық крахмал сияқты биологиялық ыдырайтын толтырғыш қолданылады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі екі компоненттердің интеграциясының, яғни, біріктірудің тиімділігін растады: бастапқы кезеңде материал бактерияға қарсы әсерін көрсетеді, алайда, ылғалды топыраққа түскеннен кейін қоршаған ортаға зиян келтірмей көмірқышқыл газы мен суға айналып, тез ыдырай бастайды. Зерттеушілер тозу жылдамдығын полимерлердің бірін таңдау арқылы бақылауға болатынын атап өтті: тозу процесін тездететін поликапролактон немесе оны бәсеңдететін полилактид. 

0 пікір
Мұрағат