Ғимарат пен көлікті салқындататын пленка жасалды
Ғимарат пен көлікті салқындататын пленка жасалды
10 ай бұрын 1103 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер салқындатушы жабын жасау үшін көбелек қанатының қасиетін пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы opg.optica.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қытай инженерлері түрлі заттар мен бұйымдарды бәсең салқындататын нанопленка әзірледі. Ол жарықты сіңірмейді әрі қандай да бір заттың температурасын қоршаған ортадағы температурадан бірнеше градусқа төмендетеді. Бұл жаңалық өз кезегінде ғимаратты немесе көлік құралын салқындату үшін пайдаланылатын энергия мөлшерін едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Көкке боялған көлік көгілдір болып көрінеді, себебі, ол сары жарықты сіңіргендіктен көк түскен енеді. Спектрдің бір бөлігі сіңірілетіндіктен объектілер қызады. Ал морфо көбелектің қанаттары наноқұрылымның арқасында қанық көк түске ие. Салқындатушы нанопленканың дизайны бұл құрылымдарды кәдімгі бояу сияқты жарықты сіңірмейтін жарқын түстерге ұқсатады. Инженерлер мұндай нанопленканы жасау үшін титан диоксиді мен алюминия диоксиідінен әзірленген көп қабатты материал астына ретсіз материалды (бұдыры бар, «мұздатылған» (матовый) шыны) орналастырды. Содан соң бұл құрылымды барлық жарықты көрсететін күміс қабатына орналастырды, осылайша күн радиациясының затқа сіңуіне және қызуына жол бермейді. Пленканың түсі оның көп қабатты құрылымының құрамдас бөліктері жарықты қалай көрсететінімен анықталады. Мысалы, көк түсті тудыру үшін материал өте тар бұрыштар диапазонында сары жарықты көрсетеді, ал ретсіз құрылым көк жарықты кең аумаққа таратады. Бұл тараптағы талдау нәтижесі көрсеткендей, мұндай нанопленка боялған заттардың температурасын қоршаған ортадан шамамен 2 °C-қа төмендетеді. Сонымен қатар, күні бойы ашық даладағы, яғни, күннің астындағы пленкамен жабылған немесе қапталған зат әдеттегі көк көлік бояуынан шамамен 26 ° C салқын болды.

Нанопленканың жұмыс істеу принципі: Кескін: Wanlin Wang, Shenzhen University

Күндізгі уақытта күн астында қалған нанопленканың термиялық фотосуреті. Үстіңгі жағы – классикалық автокөлік бояуы, төменгі жағы – жарықты сейілтетін нанопленка. Кескін: Wanlin Wang, Shenzhen University

 

0 пікір
Мұрағат