Ғарыштан таза алтын өндіретін «фабрика» табылды
Ғарыштан таза алтын өндіретін «фабрика» табылды
1 ай бұрын 653 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Рим университетінің ғалымдары Жеймс Уэб ғарыштық телескопын GRB 230307A ультраұзын гамма-сәулеленуі деп аталатын құбылысты зерттеу үшін пайдаланды. Өткен жылы ашылған оның 200 секундқа созылған ұзақтығы рекордтағы екінші ең ұзақ гамма-сәуле ретінде тіркелді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл екі нейтрондық жұлдыздың қосылуынан пайда болатын, сирек кездесетін аса қуатты құбылыс екенін алға тартып отыр. Нейтрондық жұлдыздардың қосылуы әдетте «килондық» (ғарыштық құбылыс – екі жұлдыздың қосылуынан пайда болатын гравитациялық толқын мен элетктрлі*магниттік сәулеленуі күшті құбылыс) деп аталады. Ол процестің шамадан тыс энергиясымен ерекшеленеді, өйткені, нейтрондық жұлдыздардың гравитациялық күші орасан зор келеді. Олар біріккен кезде ауыр химиялық элементтер түзіледі - санаулы секунд ішінде ұзақ және күрделі жолдардан өтуге мүмкіндік беретін процестер орын алады. Жеймс Уэб телескопының дерегі бойынша нейтрондық жұлдыздардың қосылу орнында әлемдегі алтынның ең үлкен көзі пайда болған. Бірігу нәтижесінде түрлі ауыр элементтер, соның ішінде темір, күміс, платина, тіпті, уран өндірілді, яғни, қалыптасады.

0 пікір
Мұрағат