Гаджет балалардың суицидке бару қатерін арттырады
Гаджет балалардың суицидке бару қатерін арттырады
1 жыл бұрын 707 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

9-11 жас аралығындағы балалардың смартфон немесе планшет экранында өткізген әрбір қосымша сағаты суицидтік ойларға итермелейді әрі бұл қатерлі әрекетті келесі екі жылда жүзеге асыру қаупін 9%-ға арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы  SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жедел мессенджерлерге, бейне чаттарда хат алмасуға, бейне ойындарға әуестік балалардың психикасына теріс әсер етеді. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген америкалық ғалымдардың тұжырымы – осындай. Аталмыш зерттеуде 9-11 жас аралығындағы 11,6 мың баланы қадағалай келе осындай қорытындыға келген екен. «Гаджеттерді ұдайы пайдалану өз кезегінде әлеуметтік оқшаулануға, ұйқы режимінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Балалар кибербуллинг пен онлайн қудалауды да сезінуі мүмкін. Бұл факторлар психикалық денсаулықты нашарлатуы мүмкін. Гаджеттерге жұмсалатын уақыттың ұлғаюы көбінесе жеке қарым-қатынасқа, дене белсенділігіне және ұйқыға кетуі тиіс уақытты ұрлайды», - деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Жейсон Нагата.

0 пікір
Мұрағат